Қостанайлық өрт сөндірушілер өрттен газ баллонын шығарды
01.09.2024 22:50
Фото:
Видеодан кадр
Көктау ауылы Арқалық қаласының маңында екі пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құтқарушылардың жедел іс-қимылының арқасында өрттен сыйымдылығы 27 литр газ баллоны қауіпсіз аймаққа шығарып, өрт толығымен 120 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталуда.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

