instagram.com/kost__bilim

Қостанайлық оқушы өртке төтеп беретін материал ойлап тапты

Қостанайлық оқушы адам өмірін сақтауға көмектесетін бірегей отқа қарсы «Старлайт» материалын жасады, деп хабарлайы El.kz интернет порталы.

Қостанай облыстық білім басқармасының мәліметінше, №1 лицей-интернатының оқушысы Никита Белашов және физика пәнінің мұғалімі Дмитрий Судоргин өрттің зиянды әсеріне төтеп бере алатын «Старлайт» материалын ойлап тапты.

«Старлайт» - өте жоғары температураға төтеп беретін материал, оны адам өмірінің көптеген салаларында қолдануға болады.

Өрт - адамдардың өміріне қауіп-қатер тудыратын тілсіз жау. «Старлайт» бұл мәселені шешуге көмектесе алады. Егер осы материалдан пластиналар жасап, олармен өрт сөндірушілердің киімі мен техникасын қаптаса, бұл өлім мен күйіп қалу қаупін және қызып кету салдарынан техниканың тоқтап қалуын азайтады, - дейді Никита.

Зерттеу барысында материал құрамына көптеген сынақ өткізілді. Қалыңдығы жарты сантиметр пластина 1000°C температурада тікелей отқа төтеп бере алады және мұндай жағдайда өмір сүру үшін қолайлы температураны екі минут бойы ұстап тұрады.

Бұл саладағы зерттеулердің адам өмірінде қолданудың үлкен перспективалары мен мүмкіндіктерін көріп отырмыз. Біз тоқтап қалмай, материалды жетілдіруді жалғастырамыз! – деп қосты оқушы.

Никита республикалық ғылыми жобалар байқауында 2-орын иеленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында өткен Жас зерттеушілердің І жастар форумында сәтті қорғап шықты. Одан кейін «Старлайт» материалына басқа облыстардың зерттеушілері қызығушылық танытып, өз жобаларында материалды жылу оқшаулағыш ретінде пайдалануда.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Қостанай обл білім басқармасы (@kost__bilim)