Қостанайдан ұшпақ болған ұшақтың дөңгелегі жанып кетті
12.10.2025 12:21
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Qazaq Air бортындағы жағдайға қатысты арнайы комиссия құрылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Қостанай-Астана бағыты бойынша Qazaq Air әуе компаниясының рейсіндегі авиациялық оқиғаны тергеп-тексеру үшін саладағы ережелерге сәйкес арнайы комиссия құрылады, - делінген хабарламада.
11 қазанда Qazaq Air ұшағының шассиі маңында ұшқын байқалды. Экипаж қауіпсіздік мақсатында ұшуды тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

