Қостанайдағы Қосжан ауылынан 8 бала эвакуацияланды
01.04.2024 22:31
Фото:
Видеодан кадр
Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе кемесінің көмегімен Қостанай облысының Қосжан ауылынан Амангелді ауданына 10 адам эвакуацияланды. Оның 8-і кәмелет жасына толмаған балалар, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтеншеліктердің мәліметінше, өңірде эвакуациялық жұмыстармен қатар Қабырға мен Қосжан ауылдарына, Алакөл қыстағына гуманитарлық көмек көрсетіліп жатыр. Қазіргі таңда бұл елдімекендерге бір тонна азық-түлік, 5 электр генератор және 300 литр жанар-жағармай жеткізілді.

