Қостанайда жол апатын жасап, қашпақ болған мас жүргізуші ұсталды
27.07.2025 12:53
Фото:
Polisia.kz
26 шілдеге қараған түні TANK 300 көлігін мас күйде басқарған 57 жастағы ер адам жол ережесін өрескел бұзып, жол апатына себеп болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ол бағдаршамның тыйым салынған белгісіне тоқтамай, алдымен қоршауға, кейін ВАЗ-2115 көлігіне соғылған. Материалдық шығын келтіріліп, жүргізуші оқиға орнынан жасырынбақ болған.
Полиция тексеру кезінде оның орташа дәрежеде мас болғанын анықтады. Куәгерлер көліктің жолда теңселіп жүргенін айтып, болған жайтты GTA ойынымен салыстырған.
Ер адамға ӘҚБтК-нің төрт бабы бойынша хаттама толтырылды. Көлік айып тұрағына қойылып, жүргізуші айықтырғышқа жеткізілді. Іс сотқа жолданды.
Полиция азаматтарды жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

