region10

Қостанайда жоғалған әйел мен немересінің денесі табылды

27.12.2023 14:00

Қостанай облысында 26 желтоқсанда қарлы боран кезінде жоғалып кеткен 68 жастағы әйел мен оның 11 жастағы немересінің денелері табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Олар Тобыл қаласын бетке алып, жолай өтіп бара жатқан көлікті «тоқтатып мінеміз» деп сағат 07.00 шамасында үйден шығып кеткен. 

Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірген болатын. Сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылған еді.