Жаңалықтар

Қостанайда үйден алтын ұрлауды кәсіп еткен ұрылар құрықталды

Қостанайда үйден алтын ұрлауды кәсіп еткен ұрылар құрықталды
Фото: © Polisia.kz 13.01.2024 06:15 940

Қостанай облысында үйлерге ұрлыққа түсуді кәсіп еткен әккі ұрылар ұсталды. Күдіктілер 2 ай бойы бірлесіп әрекет еткен, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы екі адамды ұстады. Олар терезені сындырып, екі пәтерге кіріп, ақша мен алтындарды ұрлаған. Сонымен қатар құлыптарды бұзып, салынып жатқан үш нысаннан қымбат құралдарды қолды қылған.

Қылмыстық тәсілмен олар 4 миллион теңгеден астам көлемде пайдаға кенелмек болған. Ұрланған заттарды Қостанай және Рудный қалаларындағы ломбардқа тапсырып отырған. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұсталғандар бес эпизод бойынша күдікке ілінген.

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Екі күдікті де өз кінәларын мойындады. Бұған дейін олар автокөлік ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған болатын, – деді Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Негмет Исмағұлов.

Оқи отырыңыз: 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға