El.kz

Қостанайда үш адам өрт кезінде құтқарылды

Қостанай қаласындағы Абай даңғылы бойында орналасқан тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінде өрт шығып, бірнеше адам өлімнен аман қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында түтінді үй-жайдан үш адам, оның ішінде бір бала эвакуацияланды.

Өрт дер кезінде сөндіріліп, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Ал оқыстан шыққан қрттің себебі ТЖМ тарапының араласуымен анықталатын болады.