Жаңалықтар

Қостанайда университетте 50 жыл ұстаз болған зейнеткер мерейтойын атап өтті

Қостанайда университетте 50 жыл ұстаз болған зейнеткер мерейтойын атап өтті
Фото: Видеодан кадр 09.03.2024 06:25 1516

Ғылым және білім министрі Саясат Нұрбек Арқалық педагогикалық институтында 50 жылдық педагогикалық өтілі бар зейнеткер ұстазды құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұстаз – мінбері биік мамандықтың бірі екені баршаға аян. Өмірін білім беріп, ғылыммен байланыстырған жандардың жанары мейірімге толы болатындығын кез келген шәкірт байқаған болар?! Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 50 жылдық педагогикалық өтілі бар зейнеткер ұстаздың 70 жылдық мерейтойы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен тұспа-тұс келіп, аталып өтті, - деп жазды министр.

Институт ұстаздары, Педагогика ғылымдарының кандидаты, институт профессоры Колдасбаева Зинаида Шәкірқызының құрметіне «Өнегеге толы ғұмыр» атты мерекелік кеш ұйымдастырып, ұстазға деген зор құрмет көрсетті.
 
Өнегеге толы ғұмыр иесінің шәкірттері мен әріптестері, қызметтес болған достары мен жақындары бас қосқан кездесуде алыс-жақын елді-мекендерден бейнеқұттықтаулар көрсетілді.
 
Зинаида Шәкірқызы еңбек жолын 1974 жылы Қостанай облысының Амангелді ауданында орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі болып бастады. 90 жуық ғылыми әдістемелік еңбектердің авторы біраз жылдар институттың мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрайымы болып қызмет етті. Ғұмыртарихында «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, «Жыл адамы» құрметті атағымен, Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталған.

Осындай қуанышты сәтте, ардагер ұстазды өзімнің және министрліктің атынан қос бірдей мерекесімен құттықтаймын!, - деп жазды Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға