Жаңалықтар

Қостанайда ұландықтар шетелдік қонақтардың қызын іздеп тапты

Қостанайда ұландықтар шетелдік қонақтардың қызын іздеп тапты
Фото: Polisia.kz 11.08.2024 11:49 487

Қостанай қаласындағы 6697 әскери бөлімінің әскери жасағы облыстық полиция департаментінің жедел басқару орталығынан Германиядан келген қонақтардың 14 жастағы қызы жоғалғаны туралы шұғыл хабарлама алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Германиялықтар қыздарын таба алмағандықтан, полицияға жүгінген. Сағат 19:40 шамасында әскери жасақ бастығы Олжас Қабдыбеков, қатардағы жауынгерлер Вадим Голиян, Владимир Ославский, Нұрмұхамед Шагиров және Станислав Быструевпен «Қазақстан» кинотеатры ауданында патрульдеу бағытын айналып өту кезінде шұғыл ақпарда айтылған белгіге ұқсас жасөспірім қызды байқайды.

«Мән-жайды нақтылап, қызды ата-анасымен, Германия азаматтарымен аман-есен табыстырады. Шетелдік қонақтар ұландықтарға Викторияны іздеудегі жедел және үйлесімді әрекеттері үшін алғыс білдіріп, қызметтеріне табыс тіледі», - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға