Өрт сөндірушілер түтін басқан пәтерден егде әйелді құтқарды, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
ТЖМ мәліметінше, Қостанайда «112» шұғыл қызмет пультіне Чехов көшесіндегі көп пәтерлі тұрғын үйден қатты түтін шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Шақыру орнына дереу өрт сөндіру жасақтары шықты.
Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері екінші қабаттағы пәтерлердің біріндегі плитада тамақтың жануын анықтады. Қалың түтін тұрғындардың денсаулығына қауіп төндірді.
Өрт сөндірушілер үш сатылы баспалдақты пайдаланып, пәтерге терезеден кірді. Үйде олар 1938 ж.т. қарт әйелді тауып алып, далаға эвакуациялады. Оқиға орнында әжені ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары қарап шықты. Оған медициналық көмек қажет болмады, - делінген мәліметте.
ТЖМ еске салады:
- Плитаны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
2. Тамақ дайындау процесін қадағалаңыз.
3. Тұрғын үйлерге дербес өрт хабарландырғыштарын орнатыңыз.

