Қостанайда төсекте шылым шегу салдарынан өрт шықты
15.07.2025 00:35
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қостанай қаласында төсекте жатып темекі шеккен жігіт үйді өртеп жібере жаздады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Облыс орталығындағы Маяковский көшесінде орналасқан пәтерде матрас пен жастық өртенген. Ал бұл өрттің шығуына төсекте жатып темекі шегу себеп болған көрінеді.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары түтін басқан пәтерден 1988 жылы туған ер адамды алып шықты. Өрт қысқа уақытта сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Осы орайда ТЖМ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді:
— Алкогольдік мас күйде темекі шекпеңіз;
— Төсекте шылым шекпеңіз;
— Темекіні сөндірмей қалдырмаңыз.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

