Қостанайда құтқарушылар дер кезінде жарылыстың алдын алды
02.01.2025 21:41
Фото:
Видеодан кадр
Қостанайда жеке үйлердің бірінде өрт шықты. Оқиға Меңдіқара ауданының Боровское ауылында болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт үйдің ас бөлмесінен басталған. Ондағы төбе жабыны, ішінара қабырға мен ағаш еден жанған.
Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында от тез арада сөндірілді. Өрт сөндіру кезінде үйден көлемі 27 литрлік 3 газ баллоны шығарылды. Бұл жарылыстың және одан да ауыр зардаптардың алдын алды. Зардап шеккендер жоқ,-делінген ТЖМ мәліметінде.
Алдын ала болжам бойынша оқиғаға өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

