Қостанайда қарлы боранда адасып кеткен балықшы табылды
19.02.2025 05:15
Фото:
Видеодан кадр
Қостанайда достарымен бірге балық аулауға шыққан ер адам қарлы боранда адасып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында 112 пультіне Арқалық қаласының маңында орналасқан Ақжар көлінің жағалауында балықшы жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ер адам балықшылар тобымен бірге болған, бірақ жолдастарынан алыстап, бағытын жоғалтып алған.
Хабарламаны алғаннан кейін құтқарушылары жоғары өту техникасымен жедел түрде іздеуге шықты. Үйлесімді жұмыстың арқасында ер адам көлдің жанындағы қарлы даладан табылды. Құтқарушылар бірден балықшыны жылытып, жылы шай беріп, елдімекенге жеткізді. Ер адамға медициналық көмек қажет болмады. Ол құтқарушыларға алғысын білдірді,-деп атап өтті ТЖМ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

