Қостанайда қараусыз қалған бір жасар бала терезеден құлап кетті
26.04.2023 13:30
Фото:
El.kz
Қостанайда бір жасар бала 3-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға 25 сәуір күні кешке сағат 19:50-де Чехов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйде болған. Бала ересектердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеге мініп, сыртқа құлап кеткен.
Сәби шұғыл түрде қалалық балалар ауруханасының реанимациясына жатқызылды. Дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды.
Қостанай облысының ТЖД кезекті рет ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

