Жаңалықтар

Қостанайда өрттен кейін салынған үйлерді су басып жатыр

Бұл туралы Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мәлім етті
Қостанайда өрттен кейін салынған үйлерді су басып жатыр
Фото: instagram.com/kostanay_news 02.11.2022 17:00 2291

Қостанай облысының Әулиекөл ауданында орман өртінен зардап шеккендер үшін салынған жаңа үйлердің тұрғындары септиктерінің толып кеткеніне шағымданды. Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы мән-жайды түсіндірді, деп хабарлайды El.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ауа температурасы жылынып, бірнеше күнге созылған жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын салдарынан тұрғын үйлердің іргесіндегі аумақта су жиналды. Инженерлік-геологиялық зерттеулерге сәйкес, үйлердің іргетасы ылғалдан қорғалған, үйлерге су кірмейді, су басу қаупі жоқ», - деді облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.

Үйлердің маңындағы суды сорғыту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Арнайы техника кезекшілікке шығарылған.

Қостанай облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жоба бойынша септик орнату қарастырылмаған, ал уақытша тұндырғыштар мердігерлер қаражатына орнатылған.

«Бірлік» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің жеке кәріз жүйесіне жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. ЖСҚ дайын болғаннан кейін құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға