Жаңалықтар

Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз қайтыс болды

Қостанайда көбік кешінде тоқ соққан 9 жастағы қыз қайтыс болды
Фото: видеодан алынған кадр 12.09.2023 16:17 959

Қостанай облыстық балалар ауруханасында көбік кеші кезінде ток соққан 9 жастағы қыз көз жұмды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі. 

Қыздың өлімі жайлы ақпаратты облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов растады. 

Оқиғаның қалай болғанын нақты айта алмаймыз, өйткені біз ол жерде болған жоқпыз. Бірақ қолдағы ақпаратқа сәйкес, қыз есінен танып қалған соң су астында елеусіз жатып қалған. Оның солай қанша уақыт жатқанын нақты анықтай алмаймыз, деді Қостанай облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Ержанов.

Аталған дерекке байланысты полицейлер тергеу ісін бастап, нәтижесінде Ұзынкөл ауданы әкімінің орынбасары мен ішкі саясат басқармасының басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ аудан әкіміне қатысты қатаң тәртіптік шаралар қолданылды.

Дәрігерлер көрсеткен шұғыл медициналық көмектен кейін қыз бала аудандық ауруханаға жатқызылды. Полиция осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлады полиция.

Еске салайық, 25 тамызда Ұзынкөл ауылында жергілікті билік Жастар күнін мерекелеу аясында көбік кешін ұйымдастырып, кеш барысында 9 жастағы қыз баланы тоқ соққан болатын. Ес-түссіз жатқан қыз алдымен аудандық аурухананың жансақтау бөліміне, кейін облыстық ауруханаға жеткізілген.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға