Жаңалықтар

Қостанайда баскетбол бапкерлерліне арналған оқу курсы өтті

Қостанайда баскетбол бапкерлерліне арналған оқу курсы өтті
Фото: Olympic.kz 05.11.2024 01:27 603

Қазақстанда баскетбол жаттықтырушыларына арналған арнайы семинарлар аяқталды. Соңғы оқу курсы Қостанай қаласында өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Айта кетейік, Ұлттық федерация қазақстандық жаттықтырушыларға арналған семинарларды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің қолдауымен ұйымдастырды. Жоба «Olympic Solidarity» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Бұған дейін Шымкент және Қарағанды облысының мамандары өз біліктілігін арттыру мүмкіндігіне ие болған еді. Негізгі спикер ретінде Халықаралық баскетбол федерациясының (ХБФ) сертификатталған жаттықтырушысы Сафа Али Камалиан қатысты.

Қостанайда өткен семинарда 15 жаттықтырушы жасөспірім командаларын дайындау әдістемесі, қазіргі заманғы тактикалар мен стратегиялар, ойыншылардың жеке дағдыларын дамыту және спорттық технологияларды қолданып, ойындарды талдау сынды тақырыптар бойынша білім алды.

«Оқу курсы күткенімізден де асып түсті! Шабыттандыратын атмосфера,пайдалы кеңестер мен халықаралық тәжірибесі бар жаттықтырушының егжей-тегжейлі талдауы жергілікті мамандарға көп нәрсені үйретті. Әсіресе, жасөспірім командаларды дайындау әдістемесі мен ойындарды спорттық технологиялар арқылы талдауға арналған бөлімдер өте пайдалы болды. Жаңа әдістемелер жұмысыма көмегін тигізіп, ойыншыларды жеткілікті деңгейде дайындауға мүмкіндік береді деп сенемін. Осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамын», – деді Қостанай қаласының жасөспірімдер командаларының жаттықтырушысы Инна Никитюк.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға