Қостанайда 85 жастағы зейнеткер 5-қабаттан құлап қаза тапты
28.04.2023 12:45
Фото:
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ
Қостанай қаласында зейнеткер әйел 5-қабаттан құлап қайтыс болды. Оқиға Көбеев көшесі бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Alau.kz мәліметінше, зейнеткер оқиға орнында қаза тапқан. Аталған іске байланысты полиция істің мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

