Жаңалықтар

Қостанайда 70 азаматты алдап, 78 млн теңгесін иемденген кәсіпкер сотталды

Қостанайда 70 азаматты алдап, 78 млн теңгесін иемденген кәсіпкер сотталды
Фото: El.kz/Бауыржан Жуасбаев 29.04.2024 09:22 469

Қостанай қаласының №2 соты 70 азаматты алдап, 78 млн. теңгесін иемденген жалған турагентті соттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Азамат Ф.-ға екі және одан да көп адамға қатысты ірі мөлшерде бірнеше рет жасалған алаяқтық бойынша айып тағылды (ҚК 190-бабының 3-бөлігі 1, 3, 4-тармақтары).
 
Сот анықтады

2021 жылдың ортасынан бастап Ф. жеке кәсіпкер ретінде шарттық қарым-қатынаста болған жұмыс істеп тұрған туроператорлардың турпакеттерін сатумен айналысқан.

Клиенттік базаны қалыптастырып, азаматтардың сеніміне ие болған ол клиенттердің ақшасын иемдену үшін қылмыстық әрекетке кіріседі. Ф. 2022 жылдың маусым айынан 2023 жылдың маусым айына дейін турагент атын жамылып, азаматтарға туристік пакеттерін ұсынған.

Іс жүзінде ол өз міндеттемелерін орындауды мақсат етпей, Жапония, БАӘ, Түркия, Дубай, Египет, Тайланд, Вьетнам және басқа да елдерге бару үшін төленген жәбірленушілердің қаражатын иемденген. Іс бойынша жәбірленушілердің Ф.-ға қатысты ешқандай күдігі болмаған, өйткені олар бұрын одан турпакеттер сатып алған немесе достарының ұсынысы бойынша келген, туристік сапарларды алдын ала толық төлеген.

Әдетте, ол азаматтардың алған қаражатын толығымен игерген. Көптеген жәбірленушілер бұл туралы тек ұшып шыққан күні, кейбірі әуежайда біледі. Кейбір жәбірленушілерге сенім білдіру үшін жалған турагент қайтарға билетін төлемей, тек бір жақтағы рейстер мен тұру ақысын төлеген. Түркияға келген бір отбасы олардың тұруы мен қайту рейсінің ақысы төленбегенін біліп қалған.

Ф.-ға тергеу амалдары жүргізіліп жатқан кезде оның бірі сыныптасы екі азаматты алдап үлгерген. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 70-ке жуық жәбірленушіге 78 миллион теңгеден астам ірі көлемдегі материалдық шығын келтірілген.

Ф.-ның кінәсі мойындаудан басқа жәбірленушілердің, куәлардың айғақтарымен, банк шотынан үзінді көшірмелермен, сондай-ақ басқа да іс материалдарымен дәлелденді.
 
Тараптардың позициясы

Прокурор сотталушыға 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Жәбірленушілердің көпшілігі Ф.-ға келтірілген материалдық шығынды өтей алмағандықтан, оны заң шеңберінде қатаң жазалауды сұрады. Қорғаушы тарап Ф.-ға бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.

Ф.-ның өзі кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініп, жәбірленушілерге өтемақы төлеуге міндеттенді.
 
Соттың шешімі

Жасалған іс-әрекеттің жеке басын, сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, істің барлық мән-жайларын, жәбірленушілерге өтелмеген зиянның болуын ескере отырып, сот Ф.-ны туризм саласындағы қызметпен 6 жылға айналысу құқығынан айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Ф.-ның жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайларға кінәсін мойындау және жасаған қылмысына шын жүректен өкіну анықталды, бірақ ауырлататын факторлар анықталмады.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға