Жаңалықтар

Қостанайда 5 баланың өліміне не себеп болғаны анықталды

Қостанайда 5 баланың өліміне не себеп болғаны анықталды
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 23.12.2024 17:47 134

11 қазан күні таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қайтыс болды. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазан айында өте қайғылы жағдай болды. Өрт болып, салдарынан 5 бала қаза тапты. Бұл оқиға БАҚ беттерінде бірнеше рет жарияланды. Балалар түнде қараусыз қалған. Үйдің үлкені таңғы 4-те оянып, пеш жақпақ болған. Ол пешке ағашпен тағы бірдеңе салған. Кейін пеш жарылып, бала далаға қашып шыққан, - деді Құмар Ақсақалов.

Айта кетейік, оқиғадан соң Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балаларды қараусыз қалдырғандарды заң шеңберінде жазалауды ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға