Қостанайда 3 адам қар құрсауынан құтқарылды
29.01.2025 04:35
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қостанайда ТЖМ қызметкерлері үш адамды қар құрсауынан құтқарып алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысында құтқарушылардың көмегі Қарасу ауылынан 10 шақырым жерде қар құрсауында қалған үш азаматқа қажет болды.
ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жедел келіп, жеңіл автокөлікті жолдың тазартылған учаскесіне сүйреп жеткізді. Медициналық көмекке мұқтаж болмаған.
ТЖМ азаматтарға қыс мезгілінде жүру кезінде сақтық шараларын сақтау және жолдардағы ықтимал қолайсыз жағдайларға дайын болу қажеттігін қаперге салып отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

