ТЖМ

Қостанайда 2 қабатты ғимараттан өрт шығып, 2 адам зардап шекті

09.03.2024 23:31

Қостанайлық өрт сөндірушілер 2 қабатты ғимараттағы ашық өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай қаласында, Қайырбеков көшесі, 455 мекен-жайы бойынша 290 шаршы метр алаңда техникалық қызмет көрсету станциясы өртенді. Өрт сөндірушілер көлемі 27 литр 6 газ баллонын шығарды.

Оқиға орнында ТЖД жеке құрамының 40-қа жуық адамы және 12 техникасы жұмыс істеуде. Өрт сағат 22-54-те оқшауланды. Өрттің ауданы 291 шақырымды құрады. Себебі анықталуда.

Құтқарушылар келгенге дейін жедел жәрдем бригадасы екі зардап шегушіні ауруханаға жатқызды.

Өртті сөндіруге жеке құрамның шамамен 45 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.