Жаңалықтар

Қостанай тұрғынынан 7,5 мыңға жуық вейп тәркіленді

Қостанай тұрғынынан 7,5 мыңға жуық вейп тәркіленді
Фото: ҚМА/Видеодан алынған кадр 18.10.2024 10:30 329

Қостанай тұрғыны өзі құрған телеграм-арнасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағына одан әрі тарату мақсатында вейптерді заңсыз әкелген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, вейптер Қазақстанға Ресейден әкелініп, әрі қарай курьерлер мен почта жөнелтімдері арқылы бүкіл ел аумағында таратылған.

Электронды темекі өнімдерін алуға өтінімдер 100 мың теңгеден басталған. Елімізде айналымына тыйым салынған вейптерді өткізу фактілерін жасыру мақсатында төлем шетел азаматының банк картасына қабылданып отырған. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында құны 45 млн теңге шамасындағы 7,5 мыңға жуық вейп табылып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Сот кінәліге пробациялық бақылауды белгілей отырып, бір жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Тәркіленген вейптер жойылуға жатады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға