Жаңалықтар

Қостанай тұрғыны медицина қызметкерлерінің көлігін ұрлап кеткен

Қостанай тұрғыны медицина қызметкерлерінің көлігін ұрлап кеткен
Фото: Polisia.kz 23.09.2024 15:56 571

Қостанайда полиция медицина қызметкерлерінің көлігін ұрлап кеткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

19 қыркүйекке қараған түні Қостанай полициясы науқастың шақыртуына келген жеке клиника дәрігерлерінің көлігі ұрланғаны туралы хабар алды. Тәртіп сақшылары бірден "Ұстау" жоспарын енгізді.

Күдіктіні қолға түсіру барысында 39 жастағы жүргізушіден ішімдіктің иісі шығып тұрды. Алайда ол медициналық тексеруден бас тартты.

Полицейлердің заңды талаптарын орындамағаны үшін сот оған 15 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады және 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды.

Көлікті заңсыз айдап кету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, енді қостанайлық азамат екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға