Қостанай облысындағы Приречное ауылында карантин орнатылды
05.08.2024 21:32
Фото:
АШМ
Приречное ауылында 26 бас ірі қара малдың өлімі фактісі бойынша жылжымалы инсинераторда өртеу әдісімен құлаған жануарларды кәдеге жарату бойынша шаралар жедел қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында дезинфекциялық шаралар жүргізілді. Приречное ауылында карантин орнатылды.
Қазіргі уақытта ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталықта қоздырғыштың дифференциалды диагностикасы бойынша зерттеулер жүргізілуде. Зерттеу нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.
Ауылдағы эпизоотиялық жағдай ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің тұрақты бақылауында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

