Қостанай облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
10.11.2024 09:14
Фото:
ҚР ТЖМ
ТЖМ құтқарушылары көліктің ішінде жолда қалып қойған жолаушыларға көмекке келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сарыкөл ауданы Новое ауылынан 35 шақырым қашықтықтағы «Екатеринбург-Алматы» автожолында ауа райының нашарлауы салдарынан екі жеңіл көлік қар құрсауында қалды. Жүргізушілер автокөлікпен кептеліп өз бетінше шыға алмады.
Қостанайлық құтқарушылар дереу шақыру орнына келді. Олар өтімділігі жоғары техниканы пайдалана отырып, екі автокөлікті жолдың қауіпсіз учаскесіне сүйреп апарды. Авариялық-құтқару операциясы нәтижесінде үл адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Медициналық көмек қажет болмады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

