Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері балшыққа батқан көлікті шығарды
22.05.2025 20:12
Фото:
ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысының Сарыкөл ауданында Обаған өзенінің маңында екі адам мінген жеңіл автокөлік балшыққа батып қалып, құтқарушылар көмегіне жүгінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Апат туралы хабар алған төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары арнайы жол талғамайтын «Трэкол» техникасын пайдаланып, көлікті қауіпсіз жерге сүйреп шығарды.
Жолаушылар сапарын әрі қарай жалғастырып, медициналық көмекке жүгінуді қажет етпеді. Оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

