Қостанай облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 103 тұрғын үй салынды
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
Фото: Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
23.08.2024 19:46
439
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметінше, Қостанай облысында 103 жеке тұрғын үй салынып аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәселен, су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға Амангелді ауданының Қарасу ауылында екі жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, иелеріне жаңа үйдің кілттері тапсырылды.
Сонымен қатар, 50 тұрғын үй нысаны бойынша құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Олардың аяқтау мерзімі тамыз айының соңына жоспарлануда. Оған қоса, өңір тұрғындары үшін 315 үй сатып алынды, 815 үйде жөндеу жұмыстары аяқталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға