Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауында қалған автокөлікті шығарды
04.01.2025 21:18
Фото:
Бейнежазбадан скриншот
Қостанай облысында құтқарушылар қар құрсауындағы автокөлікті алып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қостанай облысының 112 қызметіне жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны және өздігінен шыға алмай жатқаны туралы хабар түскен. Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары шұғыл түрде Амангелді ауданының Үрпек ауылынан 50 шақырым жердегі оқиға орнына аттанды.
Жеңіл көлік арнайы техниканың көмегімен жолдың тазартылған бөлігіне сүйретіліп шығарылды. Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болған жоқ, эвакуация да жүргізілмеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

