Бейнежазбадан скриншот

Қостанай облысында құтқарушылар өрттің таралуына жол бермеді

19.09.2025 03:27

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданына қарасты Нагорное ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Оқиға орнына өрт сөндіру есептоптары шұғыл жіберіліп, 30 шақырымнан астам жолды еңсеріп жеткенде, үйдің отқа толық оранғаны анықталды. Дегенмен, «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жұмыс істеп тұрған Береговое ауылдық өрт сөндіру пунктінің мамандары дер кезінде әрекет етіп, жалынның басқа ғимараттарға таралуына тосқауыл қойып үлгерді. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары өз өмірлерін қатерге тіге отырып, жанып жатқан үйдің ішінен төрт газ баллонын шығарып үлгерді. Бұл олардың жарылып кетуінен сақтап, ауыл тұрғындары үшін ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді.

Оқиғаның себеп салдары анықталып жатыр. Құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында ауылда үлкен апаттың алдын алу мүмкін болды.