Жаңалықтар

Қостанай облысында қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған сәбидің денесі табылды

Қостанай облысында қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған сәбидің денесі табылды
Фото: © Pixabay.com 18.12.2023 03:30 948

Қостанай облысының Рудный қаласында жан түршігерлік қылмыс орын алды. Қоқыс жәшігінен сөмкеге салынған жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Egemen.kz-ке сілтеме жасап. 

«Голос народа» басылымының жазуынша, аймақтағы полиция департаменті 17 желтоқсан күні сағат 12.00 шамасында Рудный қаласында Корчагина көшесінде орналасқан үйлердің бірінің жанынан қоқыс контейнерінен (полиэтилен пакетте) жаңа туған нәрестенің денесі табылғанын мәлімдеді.

Аталмыш факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы «Анасы жаңа туған нәрестені өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған адамды анықтау үшін барлық қажетті тергеу амалдары мен жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр, - делінген хабарламада.

Осы қылмыстың куәгері болса, полиция 52-60-22, 52-59-25 телефондары арқылы немесе 102 телефонына хабарласуын сұрап отыр

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға