Қостанай облысында өрттен бір үйдің бес баласы қайтыс болды
11.10.2024 11:00
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
11 қазан күні таңғы сағат 04:29-да Қостанай облысы Жітіқара қаласында жеке тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрттен үйдің шатыры опырылып түскен. ТЖД мәліметінше, өрт сағат 06:08-де оқшауланып, толығымен сөндірілді.
Шатыр опырылған кезде үйде ересектердің қарауынсыз 2011, 2016, 2018, 2019, 2022, 2023 жылдары туған кәмелетке толмаған балалар болған.
Өкінішке қарай, үйінділерді тазарту барысында бес баланың денесі табылды. Балалардың үлкені 2011 жылы туған бала ғана аман, зардап шекпеген. Алдын ала мәлімет бойынша, балалардың анасы кешкісін танысына кеткен, ал оның күйеуі түрмеде отыр, - делінген мәліметте.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

