Қостанай облысында ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде әйелді құтқарып, 15 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ мәліметінше, Жітіқара қаласының 11 шағын ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт орын алды.
Шақыру орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер жанып жатқан пәтерге асықты. Қатты түтінге және жоғары температураға қарамастан, өрт сөндірушілер пәтер иесін тез тауып, оны далаға шығарды. Содан кейін құтқарушылар зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел медициналық қызметіне тапсырды. Сондай-ақ ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 15 адамды, оның ішінде 5 баланы эвакуациялады, - делінген мәліметте.
Өрт 20 шаршы метр алаңда сөндірілді. Себебі анықталуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

