Жаңалықтар

Қостанай облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

Қостанай облысында балықтар жаппай қырылып жатыр
Фото: Pixabay.com 06.04.2023 18:22 817

Облыстағы Заречный елдімекеніндегі көлде балықтар қырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі kstnews.kz порталына сілтеме жасап. 

Тобыл-Торғай облыстық бассейндік балық инспекциясының мамандары су сынамасын алды. Оның нәтижесі келесі аптада шығады.

Балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Жұлдыз Нұғманованың сөзінше,  балықтардың қырылуына көлдің таяздығы мен қатып қалуы себеп болған. Оның тереңдігі шамамен бір жарым метрді құрайды.

Қазіргі уақытта 577 келі мөңке балығы қырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға