Жаңалықтар

Қостанай облысында автогаз тапшылығы басталды

Қостанай облысында автогаз тапшылығы басталды
09.07.2023 18:43 1112
Қостанай облысында жанар май құю бекеттерінде газ жетіспей жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Жергілікті "Наша газета" порталының жазуынша, Қостанай облысы әкімдігінің энергетика және ТКШ басқармасында жанармай құю бекеттеріндегі газ тапшылығы туралы түсініктеме берілген.  Әзірге автогаз бекеттерінде маусымдық газдың қалдығы бар. Ал жаңадан жеткізілетін газды біраз күтуге тура келетін көрінеді. Ал тұрғындардың айтуынша, Қостанайдағы газдың құны литріне 76 теңгеден сатылып жатыр.
Биылғы жылдың 3-тоқсанына 11 735 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді, оның ішінде шілдеге - 3 616 тонна, тамызға - 4 429 тонна, қыркүйекке - 3 690 тонна. Шілдеде газ көлемі жөнелтілді және жолда - 16 цистерна немесе 576 тонна газ келе жатыр. 7 шілдедегі жағдай бойынша 432 тонна жеткізілді, Облыстың автогаз бекеттерінде газды түсіру және жеткізу жұмыстары басталды, - деді өңірдің энергетика және ТКШ басқармасының мамандары.
8 шілдеден бастап қолма-қол ақшамен сату басталды және тек талондар бойынша газ сатып алу тоқтатылған. Жауаптылар тағы 144 тонна газ жақын арада жеткізілетінін айтқан. Сондай-ақ, шілдеде газдың қосымша көлемін бөлу мәселесін пысықтап жатқанын айтылды. 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға