Қостанай облысында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып кетті
Фото: iStock
Фото: iStock
09.12.2024 11:06
370
Рудный қаласында автобус жүргізушісі 60 жастағы әйелді қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайғылы оқиға Рудный қаласындағы автовокзал маңында болған. Автобус жүргізушісі солға бұрылу кезінде жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
Оқиға салдарынан жаяу жүргінші алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Аталған дерек бойынша полиция жол-көлік оқиғасы фактісін тіркеп, қылмыстық іс қозғады. Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға кірісті.
Полиция тұрғындарды жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қауіпсіздігіне мұқият болуға шақырады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға