Жаңалықтар

Қостанай облысында 140-қа жуық адам эвакуацияланды

Қостанай облысында 140-қа жуық адам эвакуацияланды
Фото: Қорғаныс министрлігі 28.03.2024 13:43 585

Екі тәулік ішінде апатты аймақтан көліктік-жауынгерлік тікұшақтардың экипаждары Арқалық қаласының эвакуациялық пункттеріне 240 адамды, оның ішінде 60-тан аса баланы жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғындар апаттан аман қалу үшін үйлер мен басқа да ғимараттардың төбелерін паналауда. 

Адамдарды бортқа көтеру оңай шаруа емес. Көп тонналық тікұшақтарды ғимараттардың шатырларына мүмкіндігінше жақындату асқан шеберлікті қажет етеді. Зардап шеккендерді эвакуациялау кезінде барлық қауіпсіздік шараларын сақтау да маңызды. 

Арқалық маңындағы апат аймағында подполковник Миршат Сағындықов пен майор Асхат Сейіловтың басшылығымен Әуе қорғанысы күштері 19132 әскери бөлімінің тікұшақ экипаждары екінші тәулік құтқару жұмыстарын жүргізуде. 

Көрінетін жарық бағдарларының болмауына байланысты түнде ұшу қиын. Электр қуаты барлық жерде өшірілген. Ұялы байланыс желісінің төмендігі де тапсырманы орындауды күрделендіре түсуде. Біз бұл жағдайда адамдарды құтқарудың жалғыз жолы екенін түсініп, қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, – деп жағдайды түсіндірді экипаж командирі Миршат Сағындықов

Түнде құтқару жұмыстарын жүргізуге тек Әскери-әуе күштерінің ұшқыштарына ғана рұқсат етілгенін атап өткен жөн. 

Бұдан өзге осы түні Қорғаныс министрлігінің әскери-көліктік авиациясымен Алматыдан Оралға Төтенше жағдайлар министрлігі 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілерін жеткізді. Қосымша күш Батыс Қазақстан облысында су тасқыны салдарын жоюға жіберіліп отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға