Жаңалықтар

Қостанай облысы ТЖД техникалардың су тасқынына дайындығын тексерді

Қостанай облысы ТЖД техникалардың су тасқынына дайындығын тексерді
Фото: ТЖМ 16.02.2023 19:21 1028

Жыл сайын Қостанай облысында алғашқы қардың еруі алдында көктемгі су тасқыны кезеңінде құтқарушылардың күштері мен құралдарының авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындығы және техникаларды тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қостанай облысы ТЖД бастығының орынбасары полковник А.Орымбаев және "ӨСжАҚЖҚ" ММ бастығы азаматтық қорғау полковнигі А. Ракович басшылығымен техниканы тексеру жүргізілді. 

Қостанай облысының іздестіру-құтқару қызметінің қарамағында жеке құрамның 169 адамы, 53 бірлік техникасы, 536 тұтас су өткізбейтін комбинезон, 31 гидрокомбинезон, 25 дана Л-1 (қорғаныс костюмдері), 2 шатыр 1 модуль бар. Су басқан үй-жайлардан суды айдау үшін 76 мотопомпа мен 12 жүзу құралдары бар. Қысқы сүңгуірлік жабдық сүңгуірлік су асты-техникалық жұмыстарды суық суда жүргізуге мүмкіндік береді.

Қостанай облысы ТЖД техникалардың су тасқынына дайындығын тексерді

Жер бедерін бағдарлау және зардап шеккендерді іздеу үшін құтқарушылар, автокөлік навигаторын, қиылысқан жерлерге арналған навигаторды және су объектілерінде қозғалу үшін эхолотты пайдаланады.

Су объектілерінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Іздеу-құтқару қызметі құтқару кеудешелерімен, шеңберлермен, «Конец Александрова» және забродтармен жабдықталған. Шамдар мен жылжымалы жарықтандыру кешенінің болуы құтқарушыларға тәуліктің қараңғы уақытында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.

«Қазіргі уақытта су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстары үшін көзделген күштер мен құралдардың дайындығын тексерудің бірінші кезеңі өтті. Біздің алдымызда тұрған басты міндет - су басу аймақтарында тұратын адамдар су тасқыны кезінде ыңғайсыздықты сезінбеуі және жұмыс немесе оқу орнына жақсы жетуі қажет. Ал тасқын су жағдайында барлық күштер мен құралдар халықты жинау орындарына және уақытша орналастыру пункттеріне эвакуациялау үшін жіберілетін болады», - дейді А. Орымбаев 

«Бүгінгі байқаудың қорытындысы бойынша біз көктемгі су тасқыны кезеңінде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге барлық құрал мен жеке құрамның дайын екендігіне көз жеткіздік», - деп А.Ракович атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға