Жаңалықтар

Қостанай – Алматы әуе рейсінде жолаушының жүрегі тоқтап қалды

Қостанай – Алматы әуе рейсінде жолаушының жүрегі тоқтап қалды
Фото: ©pixabay.com 16.05.2024 10:32 1136

Қостанайдан Алматыға бағыт алған ұшақта ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қостанай - Алматы бағыты бойынша X7141 рейсінде жолаушылардың бірі ұшақ ұшқаннан кейін өзін нашар сезініп, борт шұғыл Астанаға қонды.

Әуекомпанияның хабарламасында командирдің шешімі бойынша ұшақ жолаушыға медициналық көмек көрсету үшін Астана қаласының әуежайына шұғыл қонғаны айтылады.

Әуе компаниясының стюардессалары әуежайға келгенге дейін жүрек-өкпе реанимациясын жалғастырды.

Алайда, Астана әуежайының дәрігері жолаушының қайтыс болғанын айтты. Әуекомпания жолаушының туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға