Жаңалықтар

«Қош бол, замандас»: Мақпал Жүнісова өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады

«Қош бол, замандас»: Мақпал Жүнісова өмірден озған Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады
Фото: instagram.com/zhunusova.makpal 07.10.2024 15:33 8568

ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм Гүлнәр Сиқымбаеваға жазба арнады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өнер иесі Instagram-дағы парақшасындағы әсерлі жазбасында Сиқымбаевамен бірге қызмет етіп, бір жатақханада тұрғанын айтты.

Әріптесім Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озды деген суық хабар жеткенде бірге «Гүлдер» ансамблінде қызмет еткен кездер, жатақханада бірге тұрған жылдар көз алдыма тізбектеле берді. Өте қарапайым, көкіректігі жоқ, адами қасиеті мол қыз еді. Кейін мен «Гүлдер» ансамблінен кетіп, Қазақконцертке кеткесін сирек жолығатын болдық. Бірақ жолыға қалсақ арқа-жарқа боп, өткен жылдарымызды еске түсіріп, жақсы әңгіме айтып, сол шақтың қайтып оралмайтынына күрсініп қоятынбыз. Енді небәрі 63 жасында қоштасып қала бердік. Жаның жәннаттың төрінде болсын, Гүлнәр замандас. Байыр балаң, немерелер ғұмырлы болсын, жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Қош бол, замандас, - деп жазды ол.

Бұған дейін, әнші Гүлнәр Сиқымбаева өмірден озғанын хабарлаған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға