Жаңалықтар

Қос азаматтығы бар ресейлік Қазақстаннан шығарылды

Қос азаматтығы бар ресейлік Қазақстаннан шығарылды
Фото: turkystan.kz 15.01.2023 13:35 1132

Астананың әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты РФ азаматы Т.-ға қатысты ҚР азаматтығы туралы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлады El.kz ақпараттық агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Астана сотының 2023 жылғы 13 қаңтардағы хабарына қарағанда, Т. 2020 жылғы тамызда ҚР азаматты бола отырып, Ресей Федерациясының азаматтығын алған, бірақ 30 күнтізбелік күн ішінде ҚР Ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне шетелдік азаматтығын алу фактісі туралы хабарламаған және ҚР паспортын және (немесе) жеке куәлігін тапсырмаған.

Сотта Т. кінәсін мойындап, заңның талаптарын білмеуіне байланысты бұзушылыққа жол бергенін түсіндірді, өйткені Ресей Федерациясының азаматтығын алу үшін ол ҚР азаматтығынан бас тарту туралы өтініш жазған және оны жеткілікті деп есептеген.

Бұл фактіні полицияның желілік бөлімінің қызметкерлері 2023 жылғы қаңтарда Астананың халықаралық әуежайында көліктік бақылаудан өту кезінде анықтады.

«ҚР азаматтығы туралы» заңның 21-бабына сәйкес, азамат басқа мемлекеттің азаматтығын алса, ҚР азаматтығынан айырылады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға