Жаңалықтар

Қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін – Жәнібек Әлімханұлы

Қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін – Жәнібек Әлімханұлы
Фото: facebook.com/janibekalimkhanuly 12.05.2023 09:25 1282

Еліміздің танымал боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жегінің алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жәнібек әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеуден ешқашан қысылмайтынын айтып, ана тілін әлем естігенін қалайтынын айтты.

Менде бәрі қазақша. Менің тілімді, менің үнімді әлем естісін! Мен елі үшін жанын берген батырлардың, ұлтының ертеңіне алаңдаған алаштықтардың ұрпағымын. Аллаға шүкір! Мен әлем алдында қазақша сөйлеуден, ірі сөйлеуден ешқашан қысылмаймын. Менің қанымда мен ұялатын нәрсе жоқ! Мен қысылып, қорқып, жалтақтап жүретін құлдық санада емеспін! Себебі мен қазақпын менің өмір стилім QAZAQ STYLE! Жеңісті күнде жүздесейік, Қазақ елі! - деп жазды ол.

Жексенбі, 14 мамырда, таңертең қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 8 КО) канадалық Стивен Батлермен (32-3-1, 26 КО) жұдырықтасады.

Әлімханұлы мен Батлер жекпе-жегі Стоктон қаласында (АҚШ, Калифорния) өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен сағат 07:00-де басталады. Қазақстандық жанкүйерлер жекпе-жекті тікелей эфирде "Хабар" телеарнасынан көре алады.

Алдағы жекпе-жекте қос боксшы Әлімханұлына тиесілі орта салмақтағы әлем чемпионы титулы үшін жұдырықтасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға