Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігіне БҰҰ өкілдері келді

Қорғаныс министрлігіне БҰҰ өкілдері келді
Фото: gov.kz 18.12.2023 14:31 816

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов БҰҰ ұйымы Бас хатшысының заң үстемдігі және қауіпсіздік мекемелері жөніндегі көмекшісі Александр Зуев бастаған делегациясымен кездесті, El.kz ақпарат агенттігі.

Тараптар Біріккен Ұлттар Ұйымымен бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау саласындағы өзара іс-қимылдың ағымдағы және алдағы даму бағыттарын талқылады.

Қазақстанның бітімгерлік бастамаларын іске асыру мәселелері, дағдарыстық жағдайды бейбіт жолмен реттеуді қамтамасыз етуге бағытталған БҰҰ-ның жобаларын қолдау тұрғысынан өзара іс-қимыл перспективалары да жеке талқыланды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға