Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігінде «Әскер Медиа-2023» республикалық баспасөз фестивалінің үздіктері анықталды

Қорғаныс министрлігінде «Әскер Медиа-2023» республикалық баспасөз фестивалінің үздіктері анықталды
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 11.11.2023 18:47 725

ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін марапаттау салтанаты өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. 

Аталмыш шараға ҚР Президентінің кеңесшісі - Президент баспасөз хатшысы Берік Уәли, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, өзара қарым-қатынас органдарының өкілдері, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары, мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары, журналистер мен блогерлер қатысты.  

Мұндай жобалар бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді, азаматтардың армияға деген ашықтығы мен сенімін арттырады. Әскер тақырыбын қозғап жүргендерге алғысым шексіз. Сіздерге жаңа жобалар мен шығармашылық табыстар тілеймін, - деді ол мерзімді басылым, телевизиялық, электрондық, радио БАҚ журналистеріне, фототілшілер мен блогерлерге арнаған сөзінде.

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін марапаттау рәсімі салтанатты түрде өтті. «Қызмет етемін» бағдарламасының және «Ақсауыт» бағдарламасының продюсерлері Юлия Василенко мен Сәуле Мықтыбаева және «Сарбаз» порталының бас редакторы Тимур Кубеков министрдің атынан алғыс хаттар алды.  

Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Елдос Нәшірәлі әскери журналистика ардагерлерін құттықтап, «Ақпарат саланың үздігі» төсбелгісін Сапарғали Жағыпаровқа, Қайыр Дүнбаяновқа тақты және Дулат Молдабаевқа Құрмет грамотасын табыс етті.

Қорғаныс министрлігі республикалық баспасөз фестивалін төртінші рет өткізіп отыр. Қазылар алқасы да ережеге сәйкес 2023 жылдың 1 қаңтарынан 31 қазанына дейін БАҚ-та жарияланған жұмыстарды қарады. Оларды бағалау кезінде автордың кәсіби шеберлігі, тақырыптың өзектілігі, материалды беру ерекшелігі мен өзіндік мақам ескерілді.

Байқауға 30-дан аса бұқаралық ақпарат құралынан 200-ден аса өтінім келіп түсті. Жеңімпаздар сегіз номинация бойынша анықталып, олар дипломдар, арнайы статуэтка, ақшалай сыйақы және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға