Қорғаныс министрі ҰҚШҰ Бас хатшысымен келіссөз жүргізді
21.11.2024 05:34
Фото:
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы жарғылық органдарының отырысы аясында Қазақстан Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовпен жұмыс кездесуі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сұхбат барысы әскери ынтымақтастықтың өзекті мәселелері және Қазақстанның Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына төрағалық етуінің басым бағыттарын іске асыру төңірегінде болды.
Тараптар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына және Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Ұйымның қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің бірлескен отырысына дайындық мәселелерін де қозғады.
Естеріңізге сала кетсек, бірлескен шаралар 28 қарашада Астанада өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

