Жаңалықтар

Қорғаныс министрі Президенттің кезектен тыс сайлауына қатысты

Қорғаныс министрі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиға – Президент сайлауына қатысу – барлық қазақстандықтардың азаматтық міндеті екенін атап өтті
Қорғаныс министрі Президенттің кезектен тыс сайлауына қатысты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі 20.11.2022 09:42 1209

 Астана қаласындағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов дауыс берді, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

 Қорғаныс министрі ең маңызды қоғамдық-саяси оқиға – Президент сайлауына қатысу – барлық қазақстандықтардың азаматтық міндеті екенін атап өтті.

 – Қазіргі уақытта әскери бөлімдер мен мекемелер аумағындағы 20 сайлау учаскесінде мерзімді қызметтегі сарбаздар мен курсанттар дауыс беріп жатыр. Қарулы күштерден барлығы 130 мыңға жуық әскери қызметші, азаматтық персонал және олардың отбасы мүшелері дауыс беруге қатысуда, – деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

Сайлау – қазіргі демократиялық мемлекеттің маңызды институты. Бұл процесте елдің әскери қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды міндетін орындайтын әр әскери қызметшінің дауыс беруі маңызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға