Қордайдағы цемент зауытында 500-ден астам жұмыс орны ашылады
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
17.04.2025 17:30
Фото:
Видеодан кадр
Жамбыл облысы Қордай ауданындағы цемент зауытында 500-ден астам жұмыс орны ашылады. Кәсіпорынның жалпы өндіріс қуаты – жылына 1,5 млн тонна цемент, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өнімдер ішкі нарықта сатылады, сонымен қатар Өзбекстанға, Ресейге және Қырғызстанға экспортталады. Бүгінгі таңда өндіріске 50 млрд теңге инвестиция салынып, 260 жұмыс орны ашылды. Жыл соңына дейін негізінен жергілікті тұрғындар үшін тағы 280 жұмыс орны ашылады.
Жалпы өндіріс қуаты – жылына 1,5 млн тонна цемент. Бүгінгі таңда 50 млрд теңге игерілді. Осы жылдың бірінші, екінші тоқсандарында 260 жұмыс орны ашылды. Төртінші тоқсанның соңына дейін негізінен Қордай ауданының тұрғындарына арналған 280 жұмыс орны ашылады, — деді «KORCEM» ЖШС бас директорының көмекшісі Тимур Кузубаев.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

