Жаңалықтар

Қордайда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

Қордайда жаңа өрт сөндіру депосы ашылды
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі 19.10.2024 21:40 119

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қордай ауылында №15 өрт сөндіру депосы жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, депоның құрылысы 2022 жылы басталған. Депо екі өрт сөндіру техникасына арналған, ал 20 өрт сөндіруші-құтқарушы тұрғындарды өрттерден және түрлі төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді. 

Іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мәдібек Қанатбек, Қордай ауданының әкімі Бекзат Болатбеков қатысты. Сондай-ақ шарада азаматтық қорғау ардагерлері, мемлекеттік мекеме басшылары мен ТЖД басшылығы, жеке құрам және басқа да қонақтар болды.

Министр орынбасары Ерлан Нұрпейісов қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерге марапаттар мен Алғыс хаттар табыс етті. 

Вице-министр мен азаматтық қорғау ардагері Александр Малыхин салтанатты түрде лентаны қиып, ғимараттың кілтін Қордай ауданының өрт сөндіру бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Дидар Смағұловқа табыстады. Бұдан соң қонақтар жаңа депо ғимаратын аралап шықты.

Өрт сөндіру депосында техниканы сақтау және қызмет көрсетуге арналған қызметтік бөлмелер, жеке құрамды орналастыруға арналған бөлмелер, өрт туралы хабарламаларды қабылдау бөлмелері және өрт сөндіру қызметіне жүктелген міндеттерді орындауға қажетті басқа да бөлмелер бар.

Салтанатты шара жаңа депоның аумағына ағаш отырғызу рәсіміне ұласты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға