Жамбыл облысы Қордай ауданында қарлы боран кезінде қар құрсауында қалып қойған 18 адам құтқарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
18 ақпанда түнде сағат 01.30-дан 03.40-қа дейін Қордай ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының жабық учаскесінде ТЖД, 28123 әскери бөлімі және "ҚазАвтоЖол" АҚ қызметкерлерінің күштерімен қар құрсауында қалған 5 жеңіл көлік қар құрсауынан шығарылған. Онда 18 адам құтқарылып, Кенен ауылының жылыту пунктіне жеткізілді.
Еске салсақ, бұған дейін Жетісу облысының ТЖД қызметкерлері «Сарыөзек-Көктал» облыстық автожолында қар құрсауында қалған 67 азаматты эвакуациялап, жылыту пунктіне жеткізген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Боранда жолда қалып қойған жүкті әйел мен 2 бүлдіршін құтқарылды
- Түркістан облысында боранда жоғалған екі азаматтың бірі өлі табылды
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

